18
Сенбі,
Мамыр

һижри

Әмірлік әуе таксиін іске қосады

Жаһан
Жарнама

Біріккен араб әмірлігінде жуық уақытта әуе таксилері пайда болады. «Қаланы мобильдендіру болашағы» атты ауқымды бағдарламаның құрамындағы бұл жоба бойынша Францияның Airbus әуеөндірісі жұмыс істеуде.

 

Жаңа көлік құралының болуы мүмкін бағыты ретінде Дубай мен Абу Даби қалаларын байланыстыратын E11 жолы таңдалған.

Автономды ұшатын көлікті құрудағы инновациялық жобаның мақсаты жолаушыларды, сондай-ақ әртүрлі жүкті тасымалдаудың тиімді тәсілдерін жетілдіру болып табылады.

Жоспарға сәйкес, жоба аясында алғашқы әуе таксиін ұшыру сынағы 2017 жылы өткізіледі. Airbus компаниясы өкілдерінің айтуынша, аталмыш технологияға сұраныс тек қана Біріккен Араб Әмірлігі ғана емес, Таяу Шығыста артады, ал келешекте жалпы әлем бойынша кең қолданысқа ие болмақ.

 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: