29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Әлемнің алғашқы эко-мешіті ашылады

Жаһан
Жарнама

Біріккен араб әмірлігінің Дубай қаласында әлем бойынша тұңғыш экологиялық таза мешіт құрылысы аяқталуға таяу.

Қазіргі уақытта құрылыс жобасының 85%-ы орындалған. Бұл Дубайдағы 10 мың шаршы метр аумақты қамтитын ең үлкен құрылыс кешені болып отыр.

Жаңа мешіт өзге құлшылық үйлерінен өзіндік дизайнымен ерекшеленеді. Онда электр энергиясы шығыны айтарлықтай төмендетілген. Ғимараттағы жайлы температура заманауи технологиялар есебінен қамтылады. Мешіттің қорғаныс әйнегі күн сәулесі жылуын шектейді, ал ішкі материалдар ғимараттың қоңыр салқын ауаны сақтайды.

Мешіт территориясында күн батареяларын орнату жоспарланған. Ал қолданылған су мен жауған жаңбыр қайта тазалауға жіберіледі. Белгілі уақыттан соң аула суғару мен тұрмыстық қолдануға қайта берілмек.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: