19
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Facebook, Twitter, YouTube және Microsoft терроризмге тойтарыс береді

Жаһан
Жарнама

Facebook, Twitter, YouTube және Microsoft компаниялары терроризмге қарсы күрес жүргізу үшін өз порталдарында экстремистік контенттердің таралуының алдын алу жұмыстарын бірігігіп атқармақ.

Бұл туралы аталмыш компаниялардың бірлескен жиынында мәлім болды. Компаниялар осы мақсатта экстремистік деп танылып, өз базаларынан жойылған фото-видео, материалдар бойынша өзара «сандық таңбалар» деректерімен алмасады. Бұл өз кезегінде радикалды контенттердің таралуының алдын алуға ықпалдасады.

Осындай технологиялардың көмегімен компаниялар экстремистік жазбаларды анықтап, өз платформаларынан оларды жойып жібереді. «Біздің тұтынушылық қызметте терроризмге шақыратын контенттерге орын жоқ. Бізге бұл жайында хабар түссе, дереу оны тоқтатуға күш саламыз» делінген компаниялардың бірлескен мәлімдемесінде. Осылайша нәтижесінде радикалды деректер базасы жинақталады. Жоба 2017 жылы іске асырылады. Айта кетсек, бірлескен мәлімдемеде компаниялар жалпы қолданушылардың жеке деректері бойынша ақпарат алмау әрекеттері орын алмайтынын мәлімдеді.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: