28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Малайзияның жаңа королі ант қабылдады

Жаһан
Жарнама

Малайзия республикасының жаңа жоғарғы басшысы (король) болып Келантан штаты сұлтаны Мұхаммад V тағайындалды. Бұл жайында Bernama агенттігі хабарлады.

Агенттіктің хабарлауынша, Мұхаммад V Истан Негар сарайында өткен дәстүрлі салтанатты шарада ант қабылдады. Ол Малайзия елін бес жыл басқаратын болады.

Малайзияның жаңа королін сайлау қазан күні өткізілген. Король биліктің басым бөлігін басқарады және осы елдегі әскери күштер мен діни құрылымның да басшысы болып табылады.

Сұлтан Мұхаммад 1969 жылы туған. Ұлыбританияда дипломатия бойынша білім алған. Ол экстремалды спорт түрлерімен аса зор қызығушылық танытады, сонымен қатар, ұзақ қашықтыққа жүгіру мен спорттық мергендік атысты да ұнатады.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: