28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Индонезияда киберпатруль іске қосылады

Жаһан
Жарнама

Индонезия полициясы интернет кеңістігінде террористік топтың пайда болуының алдын алатын және қарсы жедел әрекет ететін киберпатруль әзірлеуді жоспарлайды.

Ұлттық полиция басшысы Тито Карнавиан осындай жоспар туралы мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі. Оның айтуынша, осы мақсаттағы жұмысқа жұмылдырылатын сарапшылар «интернеттегі кез келген экстремизм құбылыстарын бақылап, олардың әлеуметтік желілердегі белсенділігін зерттеп отыруы керек».

«Мамандар діни сайттарға қадағалау жүргізеді, теріс пиғылды ақпараттардың таралуының алдын алумен айналысады, сондай-ақ, терроризмге қатысты мәліметтерді жария етушілермен жедел жұмыс жүргізу үшін байланыс жасайды» деп түсіндірді Карнавиан.

Полиция басшысы қазіргі уақытта экстремистік ұйымдардың интернет арқылы адамдарды бопсалау әрекеттері жиі орын алатынын жеткізді.

Айта кетсек, биыл Индонезияда экстремистік ұйымдарға қатысы бар деген күдікпен кемінде 40 адам қамауға алынды.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: