29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Терактіден сақтандыратын мобильді қосымша әзірленді

Жаһан
Жарнама

Ұлыбританияда теракті кезінде зардап шеккен адамдарға алғашқы медициналық көмек беруді үйрететін арнайы мобильді қосымша әзірленді.

CitizenAID – құтқарушы қызметкерлер мен әскери дәрігерлердің көмегімен әзірленген элеткронды нұсқаулық. Қосымша, мәселен, жарылыс немесе атыс кезінде зардап шеккен адамның қанын тоқтатуды үйретеді. Сондай-ақ, жедел жәрдем шақыруды тездету қажет етілетін жарақаттың сипатын анықтауға көмектеседі.

«Теракті кезіндегі үлкен мәселелердің бірі – мединина қызметкерлерінің қылмыскердің көзі жойылмайынша қауіпті аймаққа келу мүмкіндігінің болмауы. Көп жағдайда мұндай кідіріс адамдардың өміріне қауіп төндіреді. Ал аталмыш мобильді қосымша зардап шегуші азаматтың өзіне және өзгелерге көмектесуіне септеседі» дейді британдық Терроризмге қарсы күрес бойынша ұлттық басқарма басшысы Ричард Хардинг.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: