28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Адамның рухани дүниесіне халал астың тигізер әсері

Адамның рухани дүниесіне халал астың тигізер әсері

Сұрақ-Жауап

Ассалямуалейкум, Исламда тағамды халал және харам деп бөліп жатады. Адамның рухани дүниесіне халал астың тигізер әсері туралы айтсаңыз?

Уа алайкум ассалам уа рахматуллахи уа баракатух. Халал тағамдардың адамның рухани дүниесіне тигізер әсері мол. Мұсылманды дүниенің ең таза, адал адамы еткен нәрсе де шариғаттың бұйрық-ережелеріне сай өмір сүруі, халал азықпен қоректеніп, дұрыс жолмен дүние мүлкін табуы.

Егер бір адамның ішкен-жегені, киген киімі харам жолмен қол жеткізілген болса, оның дұға-тілегіне, құлшылық-ғибадатына яғни рухани болмысына кері әсерін тигізеді. Осыған байланысты Алла елшісінің (с.ғ.с.) мына бір хадисінде бір адамның алыс сапарға шығып, алба-жұлбасы шыққан кейіпте екі қолын көкке көтеріп, Алладан дұға қылғаны жайлы жеткізе келе: «Алайда, оның ішкен-жегені, киген киімі харам болса, дұғасы қалай қабыл болсын?»[1] деген. Адамдардың көбісі дұға жасай салып, дұғам қабыл болмайды деп шағым айтып жатады, алайда ішкен-жегені мен нәпақасын қалай тапқанына аса көңіл аудармайды. Сондықтан табыстарымыздың рухани дүниемізге әсері тисін, дұғамыз қабыл болсын десек, Алла Тағаланың шариғатта тыйған харам нәрселерінен тыйылып, халал, рұқсат еткендерімен жүрген дұрыс. Осылайша адам тәні мен рухын тазалайды.

Ummet.kz


[1] Сахих Мүслим, 2-том, 703-бет Дэру Ихиа ит-турасил-араби баспасы, Бейрут.

Бөлісу: