«Әл-Фараби»: «Жастар және отбасы» тақырыбында семинар өтті (фото)

«Әл-Фараби»: «Жастар және отбасы» тақырыбында семинар өтті (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Жанұя мүшелерінің екі дүниеде бақытты ғұмыр кешуі ең алдымен отағасының және отанасының тәрбиелік міндеттерін дұрыс атқаруымен байланысты.  Өйткені тәрбие дұрыс жолға қойылмай, отбасындағы ешбір істің оңала қоймасы анық. Ал тәрбие ісінің ең жарқын үлгісін ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) көрсетіп берді.

Бейсенбілік кеште «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде жамағатқа арналған танымдық семинары өтті. Семирарда жастар тәрбиесімен қатар Алла Елшісінің (с.ғ.с) отбасылық өмірінен мысалдар айтылды.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) құтты шаңырағы өмірден өткен бар барша жанұялардың ең бақыттысы, әрі берекелісі еді. Семинар барысында Алла Елшісінің (с.ғ.с) өнегелі өмір жолынан Республикалық бас мешіттің наиб имамы Әділхан Оразов келген жамағатқа көркем насихат айтты.

Насихатта наиб имам Алла Елшісінің (с.ғ.с) Исламдағы бала тәрбиесі, ер мен әйелдің отбасындағы міндеттері мен тәрбие көріністері, ата-ананың разылығына қатысты өнегелі сөздерінен, ғибратты оқиғалардан үлгілі мысалдарды тілге тиек етті. Мәселен, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) бала өмірге келмей жатып-ақ оған қамкөңілділік танытатынын, баланың өмір есігін ашқанын қуаныш көретінін, туыла салысымен мұсылмандық тәрбие нышандарын жасайтынына тоқталып, Алла Елшісі (с.ғ.с) жұбайын парыз амалдардан бөлек қосымша құлшылықтарға баулитынын, отбасын көбірек сауап алуға үндеп, түнгі намазға оятатынын айтып, семинар қатысушыларына толыққанды мәлімет берді.

Жамағат көкейлерінде жүрген сауалдарға спикерден нақты жауаптар ала білді. Семинар соңында наиб имам Алла Тағала баршамызды айналамызға, отбасымызға жұмсақ мінез танытқан, көркем насихат айтып, көп сауапқа ие болған пенделерінен етуімізді, сүйіспеншілігі артқан, өнегелі өмір сүруге ұмтылған отбасылардан болуымызды тілеп, арнайы дұға жасады.

711bbe7f-d754-4007-92cd-cae2b8916035.jpeg

0b4c9824-17cd-4ce8-b365-99424a72c197.jpeg

8e112460-0c68-4666-b521-f9161dfdeebb.jpeg

838a33e7-c678-40cc-919a-3bdf5eafb5ea.jpeg

0695f2d1-57e4-4576-bae6-a52d10264873.jpeg

fd0e4dc9-d0d5-462d-b5b2-912b6c3ef266.jpeg

ummet.kz

Бөлісу: