Мәуліт айы – Алла елшісі ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірін, сауапқа толы сүннет амалдарын халыққа насихаттаудың, дініміздің асыл құндылықтарын дәріптеудің таптырмас мүмкіндігі.
Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туылған айында сүйікті Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауаттар жолдап, бірлесіп атап өтудің орны ерекше. Осы мақсатта «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде бүгін жұма күні Мәуліт дұғасы оқылып, Құран хатым бағышталды. Жұма намазына жиылған мешіт жамағаты Мәуліт мерекесінің мән-жайын терең түсініп, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмір жолынан көркем насихат тыңдады.
Мешіттің бас имамы Нұрлан Рамазанов мешіт жамағатына қабыл болар дұғаның бір шарты Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) және оның әулетіне салауат, сәлем айту екенін жеткізді. Жиын соңында Алла Тағаладан елімізге тыныштық, амандық-саулық тілеп бата жасалды.












ummet.kz