05
Жұма,
Желтоқсан

һижри

«Әл-Фараби»: Мәуліт құрметіне Құран хатым оқылды (фото)

«Әл-Фараби»: Мәуліт құрметіне Құран хатым оқылды (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Мәуліт айы – Алла елшісі ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірін, сауапқа толы сүннет амалдарын халыққа насихаттаудың, дініміздің асыл құндылықтарын дәріптеудің таптырмас мүмкіндігі.

Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  туылған айында сүйікті Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  салауаттар жолдап, бірлесіп атап өтудің орны ерекше. Осы мақсатта «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде бүгін жұма күні Мәуліт дұғасы оқылып, Құран хатым бағышталды. Жұма намазына жиылған мешіт жамағаты Мәуліт мерекесінің мән-жайын терең түсініп, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмір жолынан көркем насихат тыңдады. 

Мешіттің бас имамы Нұрлан Рамазанов мешіт жамағатына қабыл болар дұғаның бір шарты Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) және оның әулетіне салауат, сәлем айту екенін жеткізді. Жиын соңында Алла Тағаладан елімізге тыныштық, амандық-саулық тілеп бата жасалды.

dae39f55-41fe-45bb-adc8-67fd78c43811.jpeg

b3818fad-7568-4238-b127-62f76ea050db.jpeg

bc66b6b9-745b-4e36-980b-e5b11ddebbb3.jpeg

dc2e1a02-bc93-4a49-8d31-49ce0b040cff.jpeg

8031e211-6457-4707-b1bf-2c6f6d3cff4b.jpeg

7aa02bb2-ce14-4a28-9630-062efb9e0431.jpeg

479f36f1-6e9d-4a81-a22c-ed75ac5850dc.jpeg

f35d6af0-b42d-4807-b913-0402d4174250.jpeg

97335ba7-9099-4b39-afe9-aba2bfb64364.jpeg

15bed3f4-15d9-4be7-974e-898b3ca27f45.jpeg

cfeb3801-6e1f-45cd-85b3-51261701cc64.jpeg

28a6b7d3-717c-445e-85d1-f90d0486fa17.jpeg

ummet.kz

 

Бөлісу: