02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Форум – өзекті тақырыптар мәжілісі

Мінбер

Мейірімді, рахымды Алланың атымен!

Астана қаласында ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен тұнғыш рет «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» атты имамдар форумы өткелі жатыр. Мен 1988 жылдан бастап ҚМДБ қарамағында имамдық қызмет атқарып келемін.

Талай елдердегі конференция, семинар, басқа да жиындарға қатысып жүрдім. Алайда, өзіміздің тәуелсіз елімізде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тікелей қолдауымен өтетін имамдар форумы бірінші рет өткізілгелі отыр. Өз басым осыған өте қуаныштымын. Және осы форумға делегат болып сайланғаныма Аллаға шүкір деймін.

Баршаға белгілі бұл форумға дін саласындағы өзекті мәселер қозғалып, оларды қандай жолмен реттеліп шығу керектігі талқыланады. Форумға, менің ойымша, қаралатын негізгі мәселелер «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Шынайы мұсылманның тұлғалық келбеті»,  «Имамның тұлғалық бейнесі» және «Дін қызметкерінің қызметтік этикасы» сияқты манызды маселелердің жолдары қарастырылады.

Өзім осы «ҚМДБ-ның 2020 жылға дейінгі қызметін дамыту Тұжырымдамасы» құжаты дайындалғанда өте риза болып, ой пікірімді білдіріп жазған едім. Соның нәтижесі мінеки бүгін «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «ҚМДБ қызметкерлерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті» және «Шынайы мұсылманның тұлғалық бейнеcі» атты маңызды құжаттар қабылданды. Осы тарихи маңызы бар құжаттар осындай үлкен жиын имамдар форумында талқыланып қабылданады.  Біз, имамдар, бұған өте қуаныштымыз. Бүгінгі күнде жат ағымдар жағадан алған уақытта осындай форумдар ауадай қажет екені уақыт талабы әрі заман талабы. Сол үшін баршамыз осы форумның маңыздылығына тоқталып, барлық дін қызметкерлер, имамдар бір жұдырықтай жұмылып, елдің бейбіт тірегі мен ынтымығына атсалысуымыз қажет.

Яхияқажы ИСМАИЛОВ,

«Шейх Кунта қажы» 

мешітінің бас имамы

Бөлісу: