03
Жұма,
Мамыр

һижри

«Ақылды» қоқыс жәшігі пайда болды

Жаһан
Жарнама

Біріккен араб әмірлігінде «ақылды» қоқыс жәшіктері іске қосылады. Ол өзіне тиесілі қызметпен қатар ақпараттық орталық ретінде де жұмыс істейді.

Әр жәшікке сымсыз интернет роутерлері орнатылған. Бұдан бөлек, құрылғы өткен-кеткен жолаушыларға қоршаған ортаны таза ұстау қажеттігін хабарлап тұрады. Аппарат толықтай күн қуаты арқылы қызмет көрсетеді.

«Ақылды» жәшіктің сыйымдылығы да қалыптасқан қоқыс жәшіктерінен бес есеге үлкен. Себебі, мұнда түскен қоқысты сығымдайтын арнайы тетіктері бар. Ал жәшік толған кезде ол автоматты түрде қызмет орталығына белгі береді.

Әзірше мұндай жәшіктер Дубай, Абу-Даби және Шарджа қалаларында орнатылады. Ал ел аумағын жоғары технологиялыұ құрылғымен бес жылдың ішінде толықтай қамтымақ. «Ақылды» жәшікті іске қосудың осыншалықты ұзақ мерзімді қажет еті оның жасалу жолдарының әрі бағасының жоғары болып отыр. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: