01
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Сауд елін қар басты

Жаһан
Жарнама

Кеше Сауд Арабиясы даласын ақ ұлпа қар жапты. Жергілікті тұрғындар үшін бұл айрықша уақиға болды.

Корольдіктің орталық және солтүстік батыс аймақтары қарға оранған, оның ішінде Табук, Шакра және Табарджал қалалары да бар. Осы өңірлердегі ауа температурасы нөл градустен төмендеген, деп хабарлайды әл-Арабия.

Сауд Арабиясында соңғы аптадағы нөсерлі жаңбырдың жалғасы қар жауынына ұласқан. Ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік жүргізушілеріне жол бойында сақ болу туралы ескертулер жасалынды.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: