01
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Экзотикалық жануарларды асырауға тыйым салынды

Жаһан
Жарнама

Біріккен араб әмірлігі билігі ел азаматтарының жабайы аңдарды үй жануары ретінде ұстауларына тыйым салды, деп хабарлайды Zawya.

 

Әдетте, әмірліктегі дәулетті тұрғындары жиі асырайтын леопард, гепард және жолбарыс секілді аңдарға тыйым салынды.

Осы және өзге де экзотикалық аңдарды ұстауға тек зообақтар мен ғылыми орталықтарға құқық берілді.

Ал осы заңды бұзушылар 136 мың АҚШ долларына дейін айыппұл төлейді. Бұған да құлақ аспағандар 3-7 жыл аралығында бас бостаныдығынан айыру жазасына ілінеді. Асыранды аң біреуді жазым етіп, мерт қылар болса, иесі өмір бойына түрмеге сотталады.

Сонымен қатар, жаңа заң қалыптасқан үй жануарлары, мәселен ит асырауға қатысты да талапты күшейтті. Енді адамзаттың төрт аяқты досын асырау үшін арнайы шешім шығарылуы керек, ал оны қыдырту үшін міндетті түрде қарғыбауда ұсталуы тиіс.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: