13
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

111 жасаған қария ұзақ өмір сүрудің сырын айтты

Жаһан
Жарнама

Әзірбайжан мемлекетінің 111 жастағы тұрғыны Шабике Ахундова ұзақ өмір сүрудің сырын айтты.

Қария ол үшін темекі шегу, ішімдік ішу секілді зиянды әдеттер мен өсек айту, өзгенің сыртынан сөйлеу секілді жаман қылықтардан аулақ болу керек дегенді айтады. «Біреудің жетістігін қызғанбау керек. Өзің үшін және отбасы, балаларың үшін өмір сүр» дейді ол.

Қария 1905 жылы 20 маусымда дүниеге келген. Қария өзі туып-өскен Ленкорань қаласында өмір сүреді.

Ол әртүрлі тарихи дәуірлерге куә болды. Шабике өмірге келген уақытта Әзірбайжан елі Ресей империясының құрамында болған.

Шабике қария 10 баланы дүниеге әкелген. Қазір 72 немересі мен шөберелері, сонымен қатар неменесі де бар.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: