03
Жұма,
Мамыр

һижри

Катар ұшағы әлемдік рекорд орнатты

Жаһан
Жарнама

Qatar Airways әуе компанясының Boeing 777-200 жолаушылар ұшағы Доха-Окленд (Жаңа Зеландия) бағыты бойынша ең ұзақ уақытта тікелей сапар жасады.

Катар ұшағы 14, 535 шақырым қашықтықты 16 сағат 15 минутта еңсеріп, Окленд әуежайына дүйсенбі күні таңертең сәтті қонды, деп хабарлайды The New Zealand Herald.

Дегенмен, Qatar Airways компаниясының жаңа рекордын Singapore Airlines компаниясы 2018 жылы Нью-Йорк бағытында 19 сағат әуе сапарын жасап, одан әрі жаңартуды жоспарлап отыр.

Ал осыған дейінгі ең ұзақ әуе сапары Дели-Сан-Франциско бағытында 14,5 сағат уақыт бойынша Үндістан еліне тиесілі.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: