10
Жұма,
Мамыр

һижри

Ең үлкен мешітке – ең үлкен айшық

Жаһан
Жарнама

Стамбул қаласында әлем бойынша ең үлкен саналатын Чамлыджа мешіті күмбезіне ірі айшық белгісі орнатылды.  

Болаттан құйылған жартыайдың биіктігі 7 метр 77 см-ді құрайды. Салмағы – 4,5 тонна. Түркия өндіруші фирмасының хабарлауынша, айшық белгісіне ескі әдіс бойынша емес, заманауи нанотехнология тәсілдерімен алтын жалатылған.

Жалпы биікті 72 метрлік Чамлыджа мешіті Стамбулдың Ускудар ауданында бой көтеруде. Оның құрылысы 3,5 жыл бұрын басталған. Компания өкілдерінің сөзінше, қазір құрылыс жұмыстарының 78 %-ы аяқталған.

Жалпы жобаға сәйкес, әлемдегі ең үлкен саналып отырған бұл мешітте 60 мыңға дейін мұсылман бір мезетте құлшылық жасай алады.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: