17
Жұма,
Мамыр

һижри

Ғалымдар: Намаз – денсаулық діңгегі

Жаһан
Жарнама

Ғалымдар намаздың денсаулыққа тигізер пайдасы ұшан-теңіз деген тұжырым жасады.

 

Мұхаммед Хасаун есімді маманның жетекшілігінде жүргізілген ғылыми тәжірибе осыған айқын айғақ болып отыр. Тәжірибе қорытындысы Өндірістік және жүйелік жоспарлау жөніндегі халықаралық басылымда жарияланды.

Ғалымдар тәжірибе нәтижесінде намаз кезіндегі іс-қимыл бел ауруын төмендетіп, денсаулыққа үлкен көмегін тигізетініне көз жеткізген.

Мұхаммед Хасаун өз зерттеуін «Сандық адами модельдеуді қолдану арқылы мұсылман құлшылығы кезінде дене қозғалысын эргономикалық зерттеу» еңбегіне енгізіп, жарыққа шығарған.

Әлбетте, мұсылман қауымы намаз құлшылығын бір Аллаға деген сеніммен орындайтыны белгілі. Алайда, Жаратушының адамдарға қамқорлығы оның әрбір әмір-бұйрықтарынан да байқалатынын осы тәжірибе тағы бір дәлелдей түсті.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: