02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Мәскеу мешіті Құран фестивалін ұйымдастырады

Жаһан
Жарнама

26 наурыз күні Мәскеу орталық мешітінде ауқымды шара – Құран фестивалі өтеді.

Фестиваль қонақтарына орталық мешітте арнайы экскурсия ұйымдастырылады, бұл күні кез келген адам Құран туралы, мұсылман өркениетінің айтулы тұлғалары, Ресей территориясындағы ислам тарихы жөнінде маңызды мәліметтерге қаныға алады.

Фестиваль аясында осымен екінші рет қасиетті Құранды оқудан Жалпыресейлік балалар конкурсы да ұйымдастырылмақ. Ал ересектер арасында ең үздік азаншы анықталады.

Сонымен қатар, Фестиваль барысында «Бір сағатта намаз үйрену» семинары, Ислам негіздері бойынша конкурс, ересектер мен балаларға арналған шеберлік сабақтары да өткізіледі.

Құран Фестивалі сағат 11:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: