17
Жұма,
Мамыр

һижри

Еуропада Құран конкурсы өтті

Жаһан
Жарнама

Өткен демалыс күндері Германияның Гамбург қаласында Еуропа елдерінің Құран конкурсы өтті.

Биылғы конкурсқа Еуропа мемлекеттерінен 160 қари қатысты. Конкурс шымылдығын өткен жылғы жарыс жеңімпазы Саид Аббас Каземи «Мәриям» сүресімен ашты.

Конкурстың ер азаматтар тобына Адели Мехди Али Рамезани, Сейед Яхья Хоссейни мен Зуль Хайрат Фуйзуллах төрелік етті, ал Алиях Туркипур мен Фатима Абдуллах әйелдер тобына қазылық жасады.

Құран жарысына қатысушылар мынадай санаттар – Құранды жатқа оқу, Құран аяттарын көркем оқу және азан айту бойынша бақ сынады. Бүгін конкурстың ақтық сайысы өтіп, жеңімпаздар арнайы дипломмен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: