02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Америкалықтардың 62%-ы мұсылманмен таныс емес

Жаһан
Жарнама

Құрама штатта жүздеген мұсылман белсендісі «Мұсылманмен жүздесу күні» жалпыұлттық шарасын өткізді.

АҚШ-тың барлық өңіріндегі мұсылмандар аталмыш жалпыұлттық ағартушылық акцияны ұйымдастыруға белсене қатысты. Шараны өткізуге жуырда жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесі себеп болған. Сауалнамада респонденттердің 62%-ы бірде бір мұсылманмен жеке таныстығы жоқ екенін айтқан.

«Мұсылманмен жүздесу» шарасы аясында ұйымдастырушылар «Meet a muslim» арнайы веб-сайтын да әзірлеген. Портал арқылы кез келген адам өз өңірінде осы сынды шараларды өткізуге тапсырып беруіне болады. Сонымен қатар, ізгі ниетті жанның баршасы «Muhammad Fact Check» сайты арқылы күллі мұсылман халқы құрмет тұтатын пайғамбар Мұхаммед (с.а.с.) өмірбаянымен таныса алады.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: