30
Вт,
апр

һижри

Қарттарға құрмет көрсетілді (ФОТО)

Мешіт тынысы

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет» қорының Астанадағы өкілдігі Қарттар күні мерекесіне орай «Даналық пен мейірімділік тәлімі» акциясын өткізді.

Игі шара аясында өкілдік өкілдері Қарттар үйіндегі 96 қарияға мерекелік дастарқан жайды. Сонымен қатар, Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлері де акцияға атсалысып, әннен шашу шашып, сый-сияпат жасады.

Бүгінгі игі шара жалпы адамзатты қарт кісілерге көңіл бөлуге, ізет білдіріп, арнайы келіп, жабыққан көңілдеріне демеу болуға шақырып, осы арқылы олардың да өмір жылуын, қамқорлық пен мейірімділікті сезінуін мақсат етеді. Сондай-ақ, жастар ортасында үлкенге сый-құрмет көрсету, бүгінгі бейбіт қоғамды қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосқан қарияларға қамқорлық танытуға бағытталған әлеуметтік бастамалардың жүйелі түрде өткізілуі басты назарға алынды.

Еске сала кетсек, Зекет қоры 2012 жылдан бері өз қызметін бастаған. Осы уақыт аралығында тұрмыс-ахуалы төмен отбасылар мен мұқтаж жандарға арналған әртүрлі қайырымдылық, рухани-мәдени шараларға ұйытқы болып келеді.

Azze3

Azze4

Azze6

Azze7

Azze8

Azze9

Azze11

Azze12

Azze13

Azze14

Azze15

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Поделиться: