30
Вт,
апр

һижри

Наиб мүфти жұма уағызын жүргізді (ФОТО)

Мешіт тынысы

Иман – көңілдің айнасы, мұсылман баласының өмірлік өлшемі. Асыл дін ұстындары күллі мұсылман қауымына белгілі алты шарттан тұрады. Соның бірі – қиямет күніне иман келтіру.

Бүгін қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы қала іргесіндегі Теміржолшылар кентінде орналасқан «әс-Сәлам» мешітінде жұма уағызын жүргізді.

Наиб мүфти ақырет күніндегі қайта тірілуге иман келтірудің маңыздылығы турасында қасиетті Құран аяттары, пайғамбар хадистерінде баяндалған құнды мәліметтерді кеңінен түсіндірді. Қазақ халқының таным-түсінігіндегі пәни дүние мен бақилық өмірлік өлшемдерге тоқтала келе, мұсылман баласы білуі тиісті талап-шарттарды тарқатып айтты. Уағыз соңынан жергілікті жамағаттың ойландырған сауалдарына шариғат тұрғысындағы тұщымды жауаптарын берді. Қасиетті күннің жұма намазынан соң Жаратқаннан жақсылық тілеп, дұға жасады. Ақсақалды қариялар ел мен жердің тыныштық, татулығының мығым болуын сұрап, бата-тілектерін арнады.

Ислам шариғатындағы иман негіздері – Алла Тағалаға иман, Алланың періштелеріне иман, Алланың кітаптарына иман, Алланың пайғамбарларына иман, ақырет күніне иман, тағдырға, яғни жақсылық пен  жамандықтың, барлық нәрсенің Алланың білуі, қалауы және жаратуы арқылы жүзеге асатынына иман келтіру деген алты тармаққа бөлінеді.

Naibmuftiuagyz2

Naibmuftiuagyz3

Naibmuftiuagyz4

Naibmuftiuagyz5

Naibmuftiuagyz6

Naibmuftiuagyz7

Naibmuftiuagyz8

Naibmuftiuagyz9

Naibmuftiuagyz10

Naibmuftiuagyz11

Naibmuftiuagyz12

Naibmuftiuagyz13

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Поделиться: