29
Пн,
апр

һижри

ҚМДБ: Ғұламалар кеңесінің XV мәжілісі басталды (ФОТО)

Ел іші

Бүгін бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінің XV мәжілісі басталды.

Үш күнге созылатын кеңесте «Лизингтің үкімі», «Құрсақ ана (суррогат ана) болудың шариғи үкімі», «Пластикалық ота жасаудың үкімі», «Түйенің зәрін емдік мақсатта қолданудың үкімі», «Отбасындағы ер адамның міндеттері», «Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетудің үкімі» атты пәтуалар бекітіліп, діни қызметкерлерді аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттары, Уақып қорының құжаты, т.б. мәселелер талқыланбақ.

Сонымен қатар, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі болған белгілі ғалым Әбсаттар Сманов туралы естелік мақалалар жинақталған «Ұстаз ұлағаты», «Жаназа», «Дін мен дәстүр ІІ», «Таухид», т.б. кітаптардың мәтіні мен мазмұнын талқылау жоспарланған.

«Құрметті ғұламалар! Бүгін – кеңестің 2017 жылғы алғашқы отырысы. Жоспар бойынша көптеген кітаптар мен пәтуаларды талқылауымыз қажет. Өздеріңіз жақсы білесіздер, қазір біздің қоғамда, әсіресе, мұсылмандар өмірінде Ғұламалар кеңесінде бекітілген пәтуалардың рөлі мен орны артып келеді. 2016 жылы Ғұламалар кеңесінің 4 отырысы өтті. Күн тәртібінде 37 мәселе қаралыпты. Кеңестің шешімімен 5 маңызды құжаттар мен Үндеулер қабылданып, 16 мәселе бойынша шешім шығарылып, 6 пәтуа бекітілді. Алла Тағала бүгінгі жұмысымызға береке берсін» деп атап өтті бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Agaio2

Agaio3

Agaio4

Agaio5

Agaio6

Agaio7

Agaio8

Agaio9

Agaio10

Agaio11

 ҚМДБ баспасөз қызметі

Поделиться: