30
Вт,
апр

һижри

Ердоған бала санын көбейтуді ұсынды

Жаһан

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мұсылман қоғамындағы отбасын жоспарлау тақырыбында пікір білдірді, деп хабарлайды Huffington Post.

«Біз ұрпақ санын көбейтеміз. Кей тараптар халық санын жоспарлап, бала санын шектеу туралы айтады. Ешбір мұсылман отбасы ондай қадамға бармайды» дейді Түркия басшысы Стамбул қаласында тікелей эфир бағдарламасында.

«Ешкім Құдайдың ісіне араласа алмайды. Бұл ретте ең әуелгі жауапкершілік әйелге жүктеледі» деді президент.

Айта кету керек, Ердоған түрік отбасындағы бала саны туралы тақырыпта бірінші рет пікір білдіріп отырған жоқ. Бұған дейін ол бала санын шектеу «мемлекетке жасалған қастандық» деп бағалады.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: