04
Сб,
мая

һижри

Шайтанға тас ату уақыты қысқарды

Жаһан

Сауд Арабиясы қажылық маусымында шайтанға тас ату рәсімі уақытына өзгертулер енгізді. Қажылық және ұмра министрлігі аталмыш рәсімді бақылауға алады.

Министрлік шешіміне сәйкес, енді Жамарат бағанасы жанында шайтанға тас ату уақыты 12 сағатқа қысқарады. Шайтанға тас ату әл-Харам мешітінен 5 шақырым қашықтықтағы Мина жазығында 5-11 қыркүйек аралығында үш күн ішінде орындалады. Осы уақытта Жамаратта болу уақытына шектеулер енгізілді. Аталмыш рәсімнің бірінші күні – сағат 6:00-10:30-ға, екінші күні – 14:00-18:00-ге және соңғы күні – 10:30-14:00-ге дейін.

«Бұл Мина жазығында өткен жылғы қажылықта орын алған адам кептелісінің алдын алу мақсатында қабылданған шешім» деп мәлімдеді министрліктің ресми өкілі Хуссайн әл-Шариф. 

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: