04
Сб,
мая

һижри

Әлемнің үшінші үлкен мешіті ашылады

Жаһан

Осы жылдың соңында Алжир республикасында әлемде көлемі бойынша үшінші үлкен мешіт ашылады.

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 85% аяқталған. Мешіт көлемі – 400 000 шаршы метр. Оның құрылысына 1,3 миллиард доллар қаражат бөлінген. Ал мешіт мұнарасы әлемдегі ең биік мұнара саналады – 270 метр. Құлшылық үйінің сыйымдылығы 120 мың адамға арналған.

Алжир тұрғын үй бөлімінің хабарлауынша, мешіт 400-500 жылға дейін жарамды болмақ. Аталмыш мешіт Африкадағы ең үлкен және әлемдегі, Мекке мен Мәдинадағы мешіттен кейінгі үшінші ғибадатхана саналады. 

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: