04
Сб,
мая

һижри

Әл-Әзһар шейхы: адасқандар есін жиып, тәубеге келуі керек

Жаһан

Египеттің бас имамы, әл-Әзһар шейхы Ахмад ат-Тайиб Шешенстан астанасында өткен Әлемдік ислам конференциясына жоғары баға берді.

Конференция мінберінде баяндама жасаған шейх Грозныйға шақырылғанына қуанышты екенін айтты. Оның айтуынша, бұл форум шешен халқының мұсылман үмметіне үлкен сый болып танылмақ.

«Біздің конференция мұсылман әлемінің беделді ғалымдарының басын қосты. Бұл ғалымдар жан жүрегімен асыл дініміз және мұсылман үмметі үшін ауырады, осы жолда қызмет етіп келеді» дейді ол.

Ахмед ат-Тайиб дін атын жамылып дүниені дүрліктіріп жүрген экстремистер мен террористер мұсылман қауымын ыдыратып, бірлігінен ажыратуды қалайтынын, зорлық-зомбылық пен қатігездікті таратып, осылайша әлемнің алдында исламға қара күйе жағып отырғанын жеткізді. Сонымен қатар, адасқан ағым өкілдерін, ақиқатқа анық қарап, тәубеге келуі керектігін атап айтты.

Әл-Әзхар шейхы өз баяндамасында Шешенстан жеріне, жалпы мұсылман жұртшылығына мейіріміділік пен жақсылық тілейтінін жеткізді. 

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: