07
Вт,
мая

һижри

Әзірбайжанда XVIII ғасыр жәдігері қоқыстан табылды

Жаһан

Әзірбайжан мемлекетінің Тертер ауданының тұрғыны ғажап олжағаға кез болды. Айбениз Мұсаева жергілікті қоқыстың бірінен ежелгі қолдан әзірленген тоқыма кілемді тауып алған.

Зерттеуші мамандар аталмыш кілемді зерттей келе таңқаларлық жағдайға куә болды. Тоқыма кілем XVIII ғасырда жасалған көрінеді, өлшемі 4 те 1-5 метр.

Қазіргі уақытта бұл кілем Тарих музейіне жіберілді. Айта кету керек, әзірбайжан кілем өндірісі санғасырлық дәстүрге жатады. Әзірбайжан ұлттық кілемі өзге елдерге экспорттау XIII ғасырдан басталады. Бүгінде кілем шығару ел экономикасының өзекті бір саласына айналған. 

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: