29
Пн,
апр

һижри

Мекке-Мәдина бағытындағы пойыз 2018 жылы іске қосылады

Жаһан

2018 жылдың наурыз айында Мекке мен Мәдина қалаларын байланыстыратын жоғары жылдамдықты пойыз іске қосылады. Жаңа пойыз 166 мыңға жуық жолаушыны 2,5 сағатта тасымалдау мүмкіндігіне ие.

Айта кету керек, жаңа байланыс жолын осы жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланған болатын. Алайда, қаржылық қиындықтарға байланысты мерзімі ұзартылды.

Еске салсақ, 6,7 миллиард долларды құрайтын жоба жоспарын Сауд Арабиясы испандық компаниямен 2011 жылы келіскен еді. Жобаға сәйкес мұсылман қауымының қасиетті қос шаһары аралығында 444 шақырым темір жол төселеді, 35 пойыз 12 жыл бойы қызмет ететін болады.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: