07
Вт,
мая

һижри

Құран үйретуші христиан көпшіліктің сүйіспеншілігіне ие болды

Жаһан

Египет араб республикасында 80 жастағы христиан қария мұсылман әлемінің сүйіспеншілігіне ие болды.

Аяд Шакер Ханна өзі христиан дінінің өкілі болғанымен, балаларды Құран үйренуге шақырып келеді. Осы мақсатта ол, тіптен, өз үйінен шағын дәріс сыныбын ашқан. Мұнда күн сайын балаларға Құранды оқып үйретеді.

«Мұсылмандар мен христиандарды бөліп-жармаймын. Біз Исаны үлгі тұтсақ, олар Мұхаммед пайғамбар жолымен жүреді. Алайда, біздің ауылдағы христиандар да, мұсылмандар да бір-бірін жақсы көреді және құрметтейді» дейді қария. Оның айтуынша, Құранды оқу – Жаратқанға жақындататын іс. Қария қасиетті Құран аяттарын бала кезден оқып, жаттаған көрінеді.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: