27
Сб,
апр

һижри

2017 жыл – қайырымдылық жылы

Жаһан

Біріккен араб әмірлігі президенті, шейх Халифа бен Зайед әл-Нахайян келер жылды «Қайырымдылық жылы» деп жариялады.

2017 жылы мынадай тақырыптарға ерекше назар аударылады:

– жеке сектордағы әлеуметтік жауапкершілікті нығайту;

– еріктілер қызметін дамытуға және ұлтқа қызмет көрсету тұжырымдамасын жас ұрпақ ортасында кеңінен таратуға күш салу.

«2017 жылдың қайырымдылыққа арналуы БАӘ-нің мемлекет болып қалыптасқалы гуманитарлық құндылықтарды бекем ұстанатынын және қайтарымсыз көмек көрсететінін байқатады» деп мәлімдеді әмірлік басшысы.

Халифа бен Зайед сонымен бірге Отанға және қоғамға, жеке секорға және жалпы әмірлік тұрғындарына қызмет ету үкіметтің жауапкершілігі саналатынын атап өтті.

Айта кетсек, 2016 жыл Біріккен араб әмірлігінде «Кітап оқу» жылы болып жарияланған болатын.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: