30
Вт,
апр

һижри

Әкенің сабыры сүйсіндірді

Жаһан

Интернет қолданушылары Түркия мешіттерінің біріндегі мына көрініске таңданыс білдірді.

Ер азамат мешітте намаз оқып жатады, қасындағы ұлы бар. Бала әкесімен ойнағысы келген сыңай танытқан. Алайда, әкесі намазын жалғастыра берді.

Әкесінің сәждеге маңдайы тиген сәтте бала сәтті жағдайдың туғанын көріп, оның мойына асылды. Дегенмен, әкесі бұл жолы да намазын тоқтатпады. Осылайша, әкелі-балалы намазды жалғастыра түсті. Ер азамат байыппен, баласына да жайлы қозғалыспен құлшылығын аяқтайды. Әлеуметтік желі қолданушыларының сүйіспеншілігін тудырған бейнежазба мешіттің бақылау камерасына түсіп қалған.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: