30
Вт,
апр

һижри

Әмірлікте туристік сот пайда болды

Жаһан

Біріккен араб әмірлігі билігі туристік сот пен прокуратура ведомствосын құрды. Бұл шешімді әмірліктің вице-премьері, президенттік қатынастар жөніндегі министр, Абу-Даби Әділет департаменті төрағасы шейх Мансұр бен Заед әл-Нахайян қабылдады.

«Жаңа мемлекеттік органдардың құрылу мақсаты елдегі туристік секторды дамытып, қызмет көрсету сапасын арттыру» деп атап өтті вице-премьер.

Айта кету керек, БАӘ билігі бұған дейін туристік секторды ұдайы дамыту арқылы экономикалық бәсекелестікті жолға қою қажеттілігін бірнеше рет мәлімдеген болатын. Сонымен қатар, әмірлік әлемдегі ең үздік бес ел қатарына қосылуды жоспарға алған.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: