29
Пн,
апр

һижри

Өзбекстан қайта қажылық жасауға тыйым салды

Жаһан

2017 жылдан бастап Өзбекстанда Үлкен және кіші қажылықты республика азаматтары енді тек өмірінде бір рет қана өтей алады.

Қайталап қажылық жасау республика бойынша тыйым салынды. Бұл жайында Өзбекстан республикасы Дін істері комитеті басшысы Саидакмальхон Шакиров мәлімдеді.

Комитет басшының айтуынша, бұған дейін Үлкен және кіші қажылықты өтеген азаматтар, тіптен, 10 жыл бұрын қажылық жасаған болса да, енді Меккеге бара алмайды. Айта кету керек, жаңа ереже Өзбекстан тұрғындарының Мекке мен Мәдани қалаларына қажылық сапарын ұйымдастырумен айналысатын қызметкерлерге, шенеуніктерге, сондай-ақ Сауд Арабиясына арнайы іссапармен баратын азаматтарға қатысты емес.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: