02
Чт,
мая

һижри

Діни мереке күндері тауар бағасына бақылау жүргізіледі

Жаһан

Тәжікстан парламенті мемлекеттің елдегі үлкен діни мерекелерде, атап айтқанда Құрбан айт және Ораза айт күндері тауар бағаларын белгілеуге араласуына құқық беретін заң жобасын мақұлдады.

Заң бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, тауар өнімдеріне қатысты болады. Заң бойынша қаралатын тауарлар тізімі таяу уақытта бекітіледі.

Айта кету керек, Тәжікстанда мұсылман халқының қасиетті мерекелері кеңінен аталп өтіледі. Себебі, республикада жалпы халықтың 98%-ын мұсылмандар құрайды.

Ислам шариғатында бұл мерекелерде қайырымды істерді көбірек жасап, садақа беруді көбейту туралы айтылғанымен, сауда орындарында бағаны өсіру әрекеттері де көрініс тауып жатады. Осыған байланысты елдегі дін қызметкерлері мен жергілікті билік өкілдері сауда иелерінен өнім бағаларын өсірмеуге шақырады. Енді бұл жағдайлар заң жүзінде бақылауға алынуы мүмкін.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: