03
Пт,
мая

һижри

«Жан-жануарға зиян келтіру – ислам қағидасына қайшы»

Жаһан

Әлеуметтік желілерде жан-жануарларға қатысты әртүрлі зорлық-зомбылық көріністері бар бейнероликтердің көп таралуына байланысты Түркия Дін істері басқармасы (Диянет) адам баласы мен жан-жануарларға бірдей қамқорлық пен мейірімділік қажет деген мәлімдеме жасады, деп жазады Hurriyet Daily News.

Басқарманың мәлімдеуінше, әр жануар – Жаратушының ерекше жаратылысы, адамзатқа сеніп тапсырылған. Ал оларға зиян келтіру – ислам әдептеріне қайшы келетін іс.

«Ислам жануарлар құқығын тереңінен талдайды. Жануарларға қатысты қамқорлық... бұл Алла Тағаланың бар екендігіне дәлел. Адамдар мен жануарлар арасындағы қарым-қатынасты прагматикалық емес, философиялық тұрғыда қарастыру керек» делінген құжатта.

Диянет сонымен қатар, жануарларға зиян келтіру ислам қадиғаларына тікелей қайшы келетінін атап көрсетті.

«Ешбір жан-жануар адамзаттың физикалық қажеттілігі үшін ғана жаратылмаған. Ешбір жануар жауапсыз әрекеттің құрбаны немесе заты емес. Шын мәнінде, жануарлар бүкіл әлемнің иесі Алла Тағаланың адамға сеніп тапсырылған аманаты» делінеді Түркия Дін істері басқармасы мәлімдемесінде.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: