28
Вс,
апр

һижри

Ресей халал-туризмді сертификаттады

Жаһан

Халал туризм сертификаты жүйесі Росстандартта қабылданды. Енді бұл бағдарламаға кез келген туристік бағыттағы компания қосыла алады.

Ресей мүфтилер кеңесі «Халал» халықаралық сертификатау және стандарттау орталығы бастамасы бойынша Федералды агенттік осы бағытта қызмет ұсынатын мейманхана бизнесі ұйымдары сақтауы тиісті талап-шарттарды бекітті.

Жаңа бағдарлама таяу болашақта Ресейдегі мұсылман қонақтарға ислам қағидаларына сай толық қызметті тұтына алатына кепіл болмақ. Мейманхана бөлмелері шариғат шарттарына сәйкес жабдықталады, онда адамдар мен жан-жануарлар суреттері, сондай-ақ ескерткіш мүсіндері болмайды. Сонымен қатар, әр бөлмеде Құран Кәрім кітабы және оның аударма нұсқасы, жайнамаз болады. Ал асүй мәзірі ислам қағидалары бойынша халал болуы қадағаланады.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: