10 июля 2026, Пятница 25 мухаррам 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 02:15
Восход 04:06
Зухр 12:25
Магриб 20:33
Иша 22:24

«Әбу Ханифа» медресе-колледжі жаңа оқу жылына дайын

«Әбу Ханифа» медресе-колледжі жаңа оқу жылына дайын

13 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары барысында «Әбу Ханифа» медресе-колледжінің директоры Құлмұхаммед қажы Маханбетті қабылдады.

Кездесу барысында алдағы жаңа оқу жылында медресе-колледж шәкірттерін қашықтан (онлайн) оқыту мәселелері пысықталды. Сондай-ақ «Әбу Ханифа» медресе-колледжінің ұстаздары мен шәкірттерінің жай-күйі де сөз болды.

Наурызбай қажы Тағанұлы Құлмұхаммед қажы Маханбетке медресе-колледж аумағында санитарлық талаптарды қатаң сақтауды тапсырып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.