10 июля 2026, Пятница 25 мухаррам 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 02:15
Восход 04:06
Зухр 12:25
Магриб 20:33
Иша 22:24

Адамдармен сөйлесу кезіндегі ахлақ қағидалары

Адамдармен сөйлесу кезіндегі ахлақ қағидалары

Жеке басымыз алдындағы міндеттеріміздің бірі – тілімізді тәрбиелеу. Аузымыздан өтетін асқа абай болғанымыздай, аузымыздан шығатын сөздерге де абай болуымыз керек. Ислам діні бізге әңгімелесудің, сөз сөйлеудің әдебін үйретеді.

Сөйлесу кезіндегі ахлақ қағидалары мыналар:

1). Айтатын сөзінің соңын ойлап, соған қарай сөйлеу;

2). Дүние және ақырет үшін пайдасы жоқ сөздерді айтпау;

3). Сөзі мен ешкімді ренжітпеу, әңгімелесіп отырғанда басқалардың бөлмеу;

4). Адамдармен дәрежесі мен мәртебесіне қарай сөйлесу;

5). Біреуді мақтағанда асыра мақтамау;

6). Үлкендердің жанында дауысын көтеріп сөйлемеу;

7). Мылжың сөздер айтпау;

8). Сөйлескен кезде ернін шошайтпау, тым білгішсінбеу, басқалардың сөзінен мін іздемеу;

9). Тілін жаман сөздерге үйретпеу, өтірік ант ішпеу, өзгелерді жамандайтын сөздер айтпау;

10). Біреулерді келемеждемеу, біреуге жаман ат тақпау;

11). Айтылмайтын сырларды әшкере етпеу.

12). “Құтылу жолы бар ма?” деп сұрағанға пайғамбарымыз: “Тіліңе ие бол!” деп жауап берген екен. Сахабаларының бірі: “Қорқуға тиісті ең қауіпті нәрсе не?” деп сұрағанда, сүйікті пайғамбарымыз тілін қолымен ұстап: “Міне, мынау” деп жауап берген.

Тағы бір хадисінде былай деген: “Аллаға және ақырет күніне иман келтірген адам не жақсы сөз айтсын, не болмаса үндемесін”. Демек, көріп отырғанымыздай, тілге ие болу, айтар сөзімізге абай болу – өте маңызды ахлақ қағидасы.

материал «Негізгі діни мағлұматтар» кітабынан алынды,

ummet.kz