09 октября 2026, Пятница 28 раби-уль-ахир 1448 һ.
Время намаза
Восход 06:22
Зухр 12:07
Аср 15:48
Магриб 17:40
Иша 19:06

Қайтыс болған әкемнің атынан құрбан шалуға бола ма?

Қайтыс болған әкемнің атынан құрбан шалуға бола ма?

Сұрақ: Ассаламу алейкум,қайтыс болған әкемнің атынан құрбан шалуыма және арнайы әкемнің атынан деп ниет етуім қажет па?

Жауап: Уағалейкум ассалам!

Марқұм болған әкеңіздің атынан құрбан шалуға болады. Ниеттің орны – жүрек. Жүрекпен ниеттенгенің жеткілікті. Дауыстап айту шарт емес. Алайда құрбан шалғанда : «Бұл құрбанды әкемнің атынан шаламын», деп айтып, одан кейін: «Биссмилләһи, Аллаһу акбар» деп айтуға болады. Ең бастысы малды Алланың разылығы үшін бауыздау. Ал қандай да бір дұға оқитын болса, оны биссмилладан бұрын айту мустахап.

Әдебиеттер:

1.         «Бадайғ уа санайғ», 4/219.

2.         «Құрбан шалу», Н.Анарбаев, Е.Қарақұлов, 82

3.         «Жаматсаб Өзбек», Құрбан бөлімі.

«ummet.kz» рухани – ақпарттық порталы