09 октября 2026, Пятница 28 раби-уль-ахир 1448 һ.
Время намаза
Восход 06:22
Зухр 12:07
Аср 15:48
Магриб 17:40
Иша 19:06

Ақмола: Құран үйренушілерге сертификат табысталды

Ақмола: Құран үйренушілерге сертификат табысталды

Ақмола облысының орталық «Науан хазірет» мешітінде сауат ашып, Құранға түскендерге сертификат табысталды.

Құран әліппесінен бастап тәжуидке дейін үйренген үлкенді-кішілі мешіт жамағатына ұстаз Серік Ергебекұлы сертификат табыстап, сәттілік тіледі. Оқыған құраныңыз екі дүниеде де игілікке бөлесін деп дұға жасап, бас имам Қуаныш Сәбиттің ыстық сәлемін жеткізді.