09 октября 2026, Пятница 28 раби-уль-ахир 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 04:57
Восход 06:22
Зухр 12:07
Магриб 17:40
Иша 19:06

Астанада имамдарға арналған семинар өтті

Астанада имамдарға арналған семинар өтті

3 тамыз. АСТАНА. Ummet.kz - Елорда имамдарына арналған семинар өтті, деп хабарлайды ҚР Қоғамдық даму министрлігінің сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

2018 жылғы 2 тамыз күні Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының ұйымдастыруымен елордадағы мешіт имамдарына арналған «Қазіргі деструктивті діни ағымдардың доктриналық негіздері: алдын алу жолдары, оңалту шаралары» атты семинар өтті.

Семинарды «Пікір» діндерді қолданбалы зерттеу орталығының директоры Асқар Сабдин және Нұр-Мүбарак Египет ислам униерситетінің PHD докторанты, дінтанушы Бауыржан Әлиұлы жүргізді.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттің дін туралы саясатының басым бағыттарын түсіндіру, халықтың діни сауаттылығын арттыру мен имамдардың біліктіліктерін арттыру, сондай-ақ, діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу болып саналады.

Семинар соңында шара қатысушыларына арнайы сертификаттар табысталды.