10 июля 2026, Пятница 25 мухаррам 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 02:15
Восход 04:06
Аср 17:57
Магриб 20:33
Иша 22:24

Астанада жаңа көшелер пайда болады

Астанада жаңа көшелер пайда болады

25 қаңтар. АСТАНА. Ummet.kz – Елордалық Есіл ауданында жаңадан тоғыз көше салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы атқарылған жұмыстар туралы аудан әкімі Төлеген Закарьянов мәлімдеді, - деп хабарлайды "Елорда Инфо" сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

№ 31 көшені салу жоспарланған - Астанада Тұран даңғылынан Нұра-Есіл каналына дейін;

№ 26 көшесі - Тұран даңғылынан № 37 (Жиделі көшесі) көшеге дейін; Хусейн бен Талал көшесі - Тұран даңғылынан Бейсекова көшесіне дейін;

№ 29 көшесі - Мәңгілік ел даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейін;

Е22 көшесі - Тұран даңғылынан Е102 көшесіне дейін "САТ Констракшн групп" МЖК аралықта.

Сондай-ақ, жоспарда әлеуметтік нысандарға кіреберіс жолдар салыну жоспаланған: Астанада №199, Е16, Е41, Е17 көшелерінің шекарасынан және Тәуелсіздік даңғылымен Есіл өзені арқылы.