10 июля 2026, Пятница 25 мухаррам 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 02:15
Восход 04:06
Аср 17:57
Магриб 20:33
Иша 22:24

«Азаттық – балалар көзімен» көркем сурет байқауы жарияланды

«Азаттық – балалар көзімен» көркем сурет байқауы жарияланды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Азаттық – балалар көзімен» атты балалар арасында көркем сурет байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты:

Жас өркеннің патриоттық сезімін ояту;

Туған жерге деген махаббатын арттыру;

Балалардың қабілетін дамытып, талабын шыңдау;

Азаттықтың, еркіндіктің қасиетін насихаттау

 

Байқау шарттары:

Байқауға 7-12 жас аралығындағы балалар қатыса алады;

Байқау карантин талаптарына сай қашықтан өтеді;

Бір қатысушы бір ғана сурет жібере алады;

Байқауға А4 көлемінде салынған суреттің түпнұсқасы немесе JPEG форматында сканерден өткен суреттер қабылданады;

Әрбір үміткер салған суреттің оң жақ бұрышындағы төменгі жағына толық аты-жөнін, мектебі мен сыныбын және қала немесе ауылын жазу керек;

Қатысушардың жұмыстары 2021 жылдың 23 мамырына дейін Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript. электронды мекен-жайына жіберіліп, автордың аты-жөні, туған жылы, облысы, ауданы, қаласы, ауылы және байланыс телефоны көрсетілу қажет;

Нұр-Сұлтан қаласы, 010000, Қарасаз көшесi, 3 мекенжайына (Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімі) суреттердің түпнұсқасын жіберу сұралады.

Байқау жеңімпаздары 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады;

 

Байқауға қойылатын талаптар:

Салынған сурет байқаудың тақырыбына сай болуы;

Өзіндік ерекшелік пен шығармашылық ізденістің болуы.