10 июля 2026, Пятница 25 мухаррам 1448 һ.
Время намаза
Восход 04:06
Зухр 12:25
Аср 17:57
Магриб 20:33
Иша 22:24

Бас мүфти «Айқын» газетінің ұжымымен кездесті (ФОТО)

Бас мүфти «Айқын» газетінің ұжымымен кездесті (ФОТО)

19 қазан. АСТАНА. Ummet.kz - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Астанада «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің ұжымымен жүздесті, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бас мүфти жуырда Елордаға қоныс аударған басылым қызметкерлерінің жұмысына береке тіледі.

«Көштеріңіз көлікті болсын! Қоныстарыңыз құтты болсын! Мен – «Айқынның» тұрақты оқырманымын. Руханиятымыздың, асыл дініміз бен діліміздің жанашыры болған басылымның Елордаға басқан қадамы берекелі болсын. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін», – деді Серікбай Сатыбалдыұлы.

«Айқынға» арнайы келген Бас мүфтиге газеттің Бас редакторы, белгілі қаламгер Нұртөре Жүсіп алғысын жеткізді.

Кездесуден кейін Бас мүфти мен Бас редактор қоғамның рухани дамуы туралы пікір алысты.