11 июля 2026, Суббота 26 мухаррам 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 02:16
Восход 04:07
Зухр 12:25
Магриб 20:32
Иша 22:23

Бас мүфти халықаралық конференцияда баяндама жасады (ФОТО)

Бас мүфти халықаралық конференцияда баяндама жасады (ФОТО)

26 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Мәскеу қаласында өткен "Ислам жаһандық әлемде: Мұсылман мирасы мен мәдениетаралық диалог" атты халықаралық конференцияда баяндама жасады, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі. 

"Біз, дін қайраткерлері сындарлы сәттер мен сын-сағаттарда бір-бірімізге көмекші болуымыз керек. Алла Тағала баршамызды осындай берекелі басқосуларда кездестіріп, игі де ізгі істің басы-қасында болуды жазғай! Жаратушы Иеміз Құранда бұйырғандай, жақсы істе, тақуалықта бір-бірімізге көмекші болуды нәсіп еткей!" - деп атап өтті.

Конференция жұмысына қазақстандық делегация тарапынан ҚМДБ Төрағасының Бірінші орынбасары Наурызбай қажы Тағанұлы да қатысты.