24 августа 2026, Понедельник 11 раби-уль-авваль 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 03:30
Восход 05:10
Аср 17:13
Магриб 19:23
Иша 21:02

Бас мүфти «Жүрек жылуы» қайырымдылық іс-шарасына қатысты (фото)

Бас мүфти «Жүрек жылуы» қайырымдылық іс-шарасына қатысты (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы облысына барған сапарында орталық мешітте ұйымдастырылған «Жүрек жылуы» қайырымдылық іс-шарасына қатысты.

«Біз «қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген аталы сөзді өмірлік ұстанымға айналдырған халықпыз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы күнделікті жұмысында жеті бағытқа басымдық береді. Соның бірі – уақып және қайырымдылық бағыты. Біз қашан да өз мүмкіндіктеріміз аясында азаматтарымызға көмек беруге дайынбыз. Алла баршамызға жар болсын» деді Бас мүфти.

Айта кетсек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік салынған қорапшалар Қонаев қаласындағы 200 мұқтаж, науқас жандарға берілді.