15 июля 2026, Среда 1 сафар 1448 һ.
Время намаза
Восход 04:11
Зухр 12:25
Аср 17:55
Магриб 20:29
Иша 22:22

Бауырлардың бір-біріне деген өзара міндеттері

Бауырлардың бір-біріне деген өзара міндеттері

Бауырлардың бір-біріне деген өзара міндеттері төмендегідей:

1) Бауырлар арасында шынайы сүйіспеншілік пен бірлік болуы керек;

2) Бауырлар – бірін-бірі толықтырып тұратын бір бүтіннің жекелеген бөлшектері сияқты. Ешқандай нәрсе осы бірлікті бұзбауы, бауырларды бір-бірінен алыстатпауы керек.

3) Мирас, мұра, дүние-мүлік сияқты нәрселер, материалдық дүниелер бауырлардың арасын ашып, шырқын бұзбау керек;

4) Ағалары інілері үшін ата-ана тәрізді. Кішілері үлкендеріне ізет көрсетіп, оларға қарсы келуден, ренжітетін, көңілін қалдыратын сөздерден және жаман іс-әрекеттерден аулақ болуы керек. Үлкендер кішілерін қорғап, сүйіспеншілік пен мейірімділік танытуы қажет.

5) Бауырлар бір-біріне жақсылық жасап, бір-бірінің қамын өз қамындай ойлауы тиіс.

материал «Негізгі діни мағлұматтар» кітабынан алынды,

ummet.kz