24 августа 2026, Понедельник 11 раби-уль-авваль 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 03:30
Восход 05:10
Аср 17:13
Магриб 19:23
Иша 21:02

ІІІ Республикалық имамдар форумы өтіп жатыр (ФОТО)

23 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елордадағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ғиматында ІІІ Республикалық имамдар форумы басталды, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» деген атпен өткен форумға Форумға ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов, премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Серікбай Ораз және ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, теологтар мен республиканың түкпір-түкпірінен келген 500 имам қатысып жатыр.

Республикалық шара барысында «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының Рухани тұғырнамасы, ҚМДБ атқаратын діни рәсімдер тізілімі, ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі сынды құжаттар қабылданады. Сондай-ақ, форумға қатысушылардың Үндеуі оқылады.